Қоғам • 25 Сәуір, 2024

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әуежайында есірткіге мас күйде болған ұшқыш ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды

Бұған дейін БАҚ-та «Air Astana» әуе компаниясының ұшқышы Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерді жөнелту аймағында ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам есірткіні пайдаланып, сақтаған.

«Air Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі аталған ақпаратты растады. 23 сәуірде компания ұшқышы жолаушы ретінде ұшып бара жатқанда есірткіге мас күйінде ұсталған. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, ал ұшқыш жұмыстан шеттетілді.

«Әуекомпания қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануына нөлдік төзімділікті көрсетеді. Әуекомпания экипаж қызметкерлерінің қанында алкоголь немесе есірткі заттарының болуына тұрақты негізде тексеріс жүргізеді», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.