«Таза Қазақстан» • 25 Сәуір, 2024

«Таза Қазақстан»: Павлодарда 40 қайың отырғызылды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» мен «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Павлодар қаласы көшелеріне ағаш отырғызылды, деп жазады Egemen.kz. 

«Таза Қазақстан»: Павлодарда 40 қайың отырғызылды

Жастарды экологиялық мәдениетке және табиғат пен еңбекке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шарада аталған қаланың Павлов көшесі 93/1 және 96/5, Ломов көшесі 154/3, 152/2, 156/2 аулаларына ағаш отырғызылды.

25 сәуірде аула тұрғындары, қалалық мәслихат депутаты Гүлзира Атабаева және қаланың белсенді жастары, сонымен қатар ЖБДО директоры Рахимжанов Ризат Русланұлы бастаған еріктілер аталған мекенжайлар бойынша аулаларға 40 жас қайың отырғызып, қалаға көрік үстеді. Аталған «жасыл» экологиялық акциясы орнықты болашақ құруға серпін береді.

Айта кетсек, «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр және жастардың ортақ істі құрудағы және нығайтудағы жауапкершілік пен достық сезімін арттырудың кілті болып саналады.