Папирус ежелгі Геркуланум қаласынан табылған. Аталған Ежелгі Рим қаласы Помпейге өте жақын орналасқан. Біздің заманымыздың 79 жылы болған Везувий жанартауының атқылауынан шаһарды толық өрт шалған. Ал папирустың күлі ғана арнайы құтыда сақталып қалған.
Ғалымдар ондағы мәтінді жасанды интеллект көмегімен оқыды. Олар күйген папирустарға жүздеген инфрақызыл сәуле түсіріп, проекциясын қағазға бедерледі. Осы арқылы ғалымдар папирустың алдыңғы бетін ғана емес, артқы бетін да оқуға мүмкіндік алды. Зерттеу нәтижесінде мәтіннен мың сөз анықталған екен. Бұл бүкіл мәтіннің шамамен 30 пайызын құрайды.
Үзіндіде негізінен гадаралық философ Филодемнің академиясы туралы айтылады. Фрагментте бұрын белгісіз тағы бір ақпарат бар. Мысалы, онда Платонның біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда құрған академиясы туралы мағлұмат бар. Сондай-ақ философтың Афинадағы, Мусейон немесе «Музалар храмы» маңындағы академияның арнайы бағында жерленгені хақында жазылған.
Бұл жасанды интеллект көмегімен құпиясы ашылған алғашқы папирус емес. Бұған дейін бір топ бағдарламашы студенттер – германиялық Юсиф Надир, америкалық Люк Фарритор және швейцариялық Джулиан Шиллингер күйген папирустан 2000 белгіні анықтай алды.