Фото: Владислав Воднев
Комиссия отырысында заңсыз иеленген активін ерікті түрде қайтару жөніндегі келісім мақұлданды.
Қайтарылатын қаржының жалпы сомасы - 40 млрд теңге. Оның ішінде 38 млрд теңгеден астамы - ақшалай қаражат, қалған бөлігін Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық құрайды.
Мемлекеттік бюджетке қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталатыны айта кету керек.
«Барлық қайтарылған қаражат Қазақстан халқының игілігіне жұмсалады», деді Олжас Бектенов.
Комиссия отырысында бұған қоса 7 млрд теңге сомасына инвестициялық келісімдерге қол қою мақұлданды. Келісім аясында «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңы қолданылатын тұлғалар Астана және Шымкент қалаларында екі инфрақұрылым нысанын салады. Аталған жобаларды іске асыру жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді және қосымша салық түсімдерін қамтамасыз етеді.