![АҚШ-та торнадо салдарынан 5 адам қаза тапты](/media/2024/04/29/662f082def069799371002.png)
Фото: CNN
АҚШ Ұлттық метеорология қызметі қазір 7 миллиондай адамға торнадодан қауіп төніп тұрғанын ескертті.
Ал Шығыс Техастан Иллинойс пен Висконсинға дейінгі аралықта тұратын 47 миллион америкалыққа алапат дауыл соғатыны, жауын құятыны және бұршақ жауатыны хабарланды.
Сондай-ақ Техастан Канзас пен Миссуриге дейінгі кеңістікте 40-қа жуық торнадо соғуы мүмкін.