Тарих • 01 Мамыр, 2024

«Айтқың келгені осы ма еді?» Нұрикамал әнінің шығу тарихы

1933 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл – композитор Тұрдықылыш Ізтай мен оның жары, ақын Хан­бибі Есенқараның бірге жазған шы­ғармасы. Алайда туынды екеуі­нің ортақ сезімі туралы емес.

«Айтқың келгені осы ма еді?» Нұрикамал әнінің шығу тарихы

Т. Ізтай табиғат аясындағы бір отырыс­та Нұрикамал деген сұлу қызға ғашық болады. Сол кеште бойжеткенді биге де шақырған. Бірақ Нұрикамал бас тартыпты. Сазгер түнімен пианино ойнап, сезімін әнге қосуға тырысады. Мұны сезген ақынның жары әннің сөзін жазып, «Айтқың келгені осы ма еді?» деп өлеңді жолдасына өзі апарып берген.

Ақын Ханбибі Есенқарақызы естелігінде: «Ол бойжеткенге ғашық болмау мүмкін емес еді. Бұл әнді Естайдың Қорланы сияқты бағаладым», дейді.