Теннис • 01 Мамыр, 2024

Рыбакина Путинцеваны жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, екінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Мадридтегі WTA 1000 турнирінде ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рыбакина Путинцеваны жеңіп, Мадридтегі турнирдің жартылай финалына шықты

Фото: prosports.kz

Қазақстан теннисшілері бір-біріне қарсы матч өткізді.

Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны 4:6, 7:6(4), 7:5 есебімен жеңді. 

3 сағатқа жуық уақытқа созылған матч кезінде Елена Рыбакина алты эйс пен сегіз қос қателік жасады. 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді. Ал Юлия Путинцева екі қос қателік жіберіп, 10 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Енді Рыбакина жартылай финалда Беларусь теннисшісі Арина Соболенко мен ресейлік 17 жастағы Мирра Андрееваның қай жеңгенімен кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Бірліктің жоғары көрсеткіші

Референдум • Бүгін, 08:50

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Ақпаратты жедел таратты

Референдум • Бүгін, 08:20

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10