Фото: gov.kz
Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші кезеңінде аталған тақырыптарды мағыналық және графикалық кескінделуі тұрғысынан жан-жақты ашатын аудиовизуалды туындының идеясы мен тұжырымдамасы қабылданады.
Сонымен қатар өтінім берушілер бейнероликтер жасау құнының негіздемесі мен шығармашылық тобы туралы өмірбаяндық және шығармашылық-ақпараттық мәліметтерді қоса ұсынуға тиіс.
Әлеуетті орындаушылардан өтінім қабылдау 1 мамырдан 15 мамырға дейін жүргізіледі. Құжаттар astana@khabar.kz электрондық поштасына жіберілу керек.
Екінші кезеңде қабылданған өтінімдердің тақырыптарды ашатын ең ұтымды идеялары мен тұжырымдамалары іріктеліп, өтінім берушілердің біліктілігі мен тәжірибелік дағдыларын, төлем қабілеті мен материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құжаттар сұратылады.
Байқау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзім өткеннен кейін тапсырылған, байқау талаптарына сай келмейтін құжаттар ұсынған және дәйексіз, бұрмаланған ақпарат берген өтінімдерді іріктеу комиссиясы қарамайды.