Қылмыс • 02 Мамыр, 2024

«Мүлікке талас»: Ақтөбеде бұрынғы күйеуі әйелін тұншықтырып өлтірген

2857 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға Ақтөбе облысының Сарқұл ауылында болды. Бұл туралы қоғам қайраткері Дина Таңсәрі айтып берген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мүлікке талас»: Ақтөбеде бұрынғы күйеуі әйелін тұншықтырып өлтірген

Фото: vesti_pavlodar

Vesti_pavlodar Instagram-парақшасында хабарланғандай, ерлі-зайыптылар 2022 жылы ажырасқан. Ер адам басқа әйелмен жеке өмірін құра бастаған. Ол алимент төлемеген, үш баласымен араласпаған. Алайда екі жылдан кейін бұрынғы отбасына қайта оралып келген.

Сол түні ер адам ас бөлмеде шәйнек қойып жүрген Айбануға шабуыл жасап, оны тұншықтырып өлтірген. Оқиға кезінде балалары көрші бөлмеде ұйықтап жатқан.

«Жақындарының айтуынша, ол Ақтөбеден таксимен келген. Таксистке кенттің шетінде «күте тұр» деп айтқан. Бұл әрекет мұқият жоспарланған, бұрынғы әйелін өлтіру үшін келген. Бұған жылжымайтын мүлікке талас себеп болған. Айбану қалада тұра алмады, қаржылай қиындық көріп, ауылға көшіп кеткен. Арада ортақ пәтер болған, балалардың болашағын ойлаған Айбану бұрынғы күйеуінен сол пәтерді бөлісуді сұраған», деп жазды Дина Таңсәрі.

Полиция аталған фактіні растады. Іс сотқа жіберілді.

«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды және процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», деп жауап берді Ақтөбе облысының ІІД.