Фото: polisia.kz
Жамбыл облысының Полиция департаменті синтетикалық есірткі сатушылардың қызметін тоқтатты. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Ұзақ уақыт бойы жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралар кешенінің нәтижесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар 2 күдікті – Тараз қаласының 34 және 32 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар синтетикалық есірткіні облыс орталығы аумағында таратқан. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілердің бірінің үйіндегі жатын бөлмесінен жалпы салмағы 122,37 гр мефедрон синтетикалық заты жасырылған орын табылды. Нәтижесінде 330-дан астам доза есірткінің таралуына жол берілмеді, оның қара нарықтағы құны - 5,5 миллион теңге», деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.