Айбын • 04 Мамыр, 2024

Жас әскерилер Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды

271 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде ғасырлық мерейтойға орай конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас әскерилер Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Іс-шараға «Tayelsiz Qazaqstannyn Halyq Batyrlary» РҚБ басшысы Халық Қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары генерал-майор Марат Нағұманов, Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник Амангелді Тоғысов, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, М.Жұмабаев атындағы Халықаралық колледждің оқытушылары, әскери оқу орнының кадеттері мен ұландары қатысты.

Іс-шара әскери колледж аумағында орналасқан Сағадат Нұрмағамбетовтің бюстіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Салтанатты рәсімге қатысушылар халық батырын бір минут үнсіздікпен еске алды.

о

Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің қолдауымен колледжде батыр өмірбаянының кезеңдерін бейнелейтін фотокөрме, әйгілі генералға арналған мұражай экспозициясы ұйымдастырылды. Онда генерал формасы, кителі, Ұлы Отан соғысында пайдаланған командирлік сөмкесі мен картасы, Сағадат Нұрмағамбетовтың бейнесі тоқылған кілем ілінген.  

Жиын барысында Қарулы күштердің ардагерлері Бақытжан Ертаев пен Марат Нағұманов құттықтау сөз сөйледі. Конференцияда Ұлттық қорғаныс университетінің аға оқытушысы полковник Асқар Макипов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әскери кафедрасының оқытушысы полковник Атығай Балғабеков, М. Жұмабаев атындағы Халықаралық колледжінің АӘД оқытушылары подполковник Ерлан Серікбаев пен капитан Серік Сүлейменовтың баяндамалары тыңдалды. 

з

Іс-шараға қатысушылар Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі мен жауынгерлік жолының жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіндегі маңызын атап өтті. Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрінің есімімен аталатын әскери колледж тәрбиеленушілері Сағадат Қожахметұлының өмірбаянын жақсы білетінін айта кеткен жөн. Оның құрметіне оқу орнының хоры «Сағадат» әнін және ержүрек мамандық өкілдері – Отан қорғаушыларға арнап басқа да шығармалар орындады. Ал ұлан Әмзехан Сәтжан Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов туралы өзі шығарған өлеңді оқып берді.