Таным • 06 Мамыр, 2024

Ғалам ғажаптары: Соғыс болмаған ел

184 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Соғыс болмаған ел» деген тіркес қандай көркем еді! Сенгің келгенмен, сенуің қиын. Алайда әлемде ешқашан соғыспаған елдер де бар. Дәлірек айтсақ, олар ешқашан соғыс жағдайында болған емес.

Ғалам ғажаптары: Соғыс болмаған ел

Бұл ел 1815 жылдан бері бейтарап болып келе жатыр. Тіпті Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде де әскерлерін ешқайда жіберген жоқ. Швейцарияның бүкіл тарихында ұлтаралық қақтығыстар да болмаған. Қару-жараққа байланысты «жайлы» заңы да бар. Швейцария кез келген әскери қақтығыстарда бейтарап пікір ұстанғандықтан, көбісі бұл елді пацифис­тер мекені деп санайды. Бірақ түбегейлі олай емес. Ерлер үшін әскери қызмет 18 жастан бастап міндетті. Олардың көп бөлігі – әскери резервте тұрғандар. Сондықтан да әрбірінің үйінде қару ұстауға рұқсат берілген. Оны кез келген сәтте қолдана алады.

 

Сүтқоректілер әскері

ап

Солтүстік Корея дельфиндер мен басқа да сүтқоректілерді әскери мақсатта жат­тықтырып жатыр. Мұндай ақпаратты «USNI News» америкалық басылымы спутниктен түсірілген суреттерге қарап хабарлаған.

Жарияланған кадрларда Нампхо әскери-теңіз базасының аумағында орналасқан сүтқоректілердің арнайы қорасы мен жаттығу кешені бейнеленген. Аталған нысандардың алғашқы суреттері 2015 жылы жасалған. Теңіз сүтқоректілері су түбінен заттарды табуға әрі жарылғыш заттарды ажыратуға үйретілген-мыс. Олар тіпті тереңде жатқан объектілерді де тексере алады. Сонымен қатар жануарлар әскери-теңіз базаларын диверсанттардан қорғап, сүңгуірлерді алыстан байқауға қауқарлы. «Су түбінде адамдарға қарағанда дельфиндер мен итбалықтардың мүмкіндігі көп. Итбалықтардың қараңғы және бұлыңғыр, лай суды жақсы көретінін ескеру керек» деп жазған шетелдік басылым.