Президент • 08 Мамыр, 2024

Бізге біртұтас әрі жүйелі жұмыс істейтін ішкі нарық құру қажет – Президент

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының пікірінше, ірі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыру, өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілету және қызметтердің ортақ нарығын қалыптастыру арқылы жоғары деңгейдегі өзара интеграциялық ықпалдастық нығая түседі, деп жазады Egemen.kz.

Бізге біртұтас әрі жүйелі жұмыс істейтін ішкі нарық құру қажет – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында одан әрі орнықты даму үшін бірлестік неғұрлым икемді және тиімді болуға тиіс деп санайды. Сондай-ақ Президент Дүниежүзілік банктің есебін мысалға келтіріп, қазіргі онжылдықтың бірінші жартысындағы әлемдік жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны соңғы 30 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болуы мүмкін екенін айтты.

«Егер халықаралық қауымдастық пәрменді шаралар қабылдамаса, аталған кезең «мүмкіндікті мүлт жіберген онжылдық» ретінде тарихқа енуі ықтимал. Бұл жаһандық экономиканың ажырамас бөлігі саналатын Еуразиялық экономикалық одақ үшін де зор сын-қатер болары сөзсіз. Біз барлық резервті пайдалана отырып, Одақты құру кезінде жүктелген міндеттерді шешуіміз керек. Ең алдымен, бұл жерде Экономикалық одақтың іргелі қағидатын, яғни тауарлар қозғалысының еркіндігін іске асыру туралы айтып отырмыз. Бізге шын мәнінде біртұтас әрі жүйелі жұмыс істейтін кедергісіз ішкі нарық құру қажет. Жасырын шектеулерді, «нақты жағдайға байланысты шешімдерді» және қолмен басқарудың кез келген түрін қолдану тәжірибесін толықтай жою маңызды. Бұл Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының сөзсіз басымдығы болуға тиіс», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.