Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, Жеңіс күні қарсаңында 2 060 адамға біржолғы әлеуметтік көмек беру ұйғарылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 218,5 миллион теңге бөлінген.
Е.Абсатырованың балалық шағы концлагерьде өткен. Өйткені оның әжесі, әкесі мен шешесі 9 баламен Карелияға көшіп барған. Ал 1941 жылы соғыс басталғанда бәрі тұтқынға түскен. Үш жылдың ішінде үш концлагерьде болған.
1950 жылы Вагаф Абсатыровқа тұрмысқа шығып, 1968 жылы Атырау қаласына көшіп келген. Күйеуі мұнай компаниясында, азаматтық қорғаныс саласында жұмыс істеген. Өзі локомотив депосында жұмыс істеп, зейнетке шыққан. Қазір концлагерьдің кәмелетке толмаған тұтқыны ретінде түрлі жеңілдікті пайдаланып отыр.
«Әжейге Жеңіс күніне қарсаңында 1 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріледі. Жеңіске үлес қосып, түрлі марапатқа ие болған 21 тыл ардагерінің әрқайсысына берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері – 100 мың теңге. Тылда еңбек еткенімен, ешқандай марапат алмаған 903 ардагерге 50 мың теңгеден біржолғы ақшалай көмек көрсетіледі», дейді А.Мәмбетов.
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр стансасындағы апатты жоюға қатысқан 170 ардагерге 150 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленеді. Сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан 965 ардагерге де осындай көлемде қаржылай көмек беру көзделіп отыр.
Атырау облысы