Ұлттық спорт • 08 Мамыр, 2024

Элдар – чемпион!

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында көкпардан ересектер арасында ХХІІІ ел чемпионаты өтті.

Элдар – чемпион!

Бұған қоса көкпар барысында жігіттер арасында серкені бірінші болып көтеріп алудан жекпе-жек ат жарысы ұйымдастырылды. Сөйтіп, бұл байқауда Шымкент қаласының атынан Жебе атты тұлпарымен сынға түскен ша­бандоз Элдар Жарылқап қар­сылас шақ келтірмей ел чемпионы атанды. Бәсеке жеңім­пазына жүлдеге 1 млн теңге табысталды. Шымкенттік ша­бандоздарды республикалық көкпар додасына бастап келген команда жетекшісі – қаланың ұлттық және ат спорты түрлері бойынша кешенді спорт клубының директоры Данияр Мыңбаев.

Серкеге таласта ептілігімен көзге түскен маңғыстаулық ша­бан­доз Темірлан Сейітбек Саян атымен жарыс­тың күміс жүлдегері атанды. Көкпар федерациясы тарапынан екінші орын жеңімпазына 500 мың теңге жүлде берілді.

Ал үздік үштікті түйіндеген – Түркістан облысының шабандозы Абылайхан Нышан­бек. Ол тізгіндеген тұлпарының аты – Көксерек. Жеңімпаз сәйгү­лігімен бірге 300 мың теңге қар­жылай сыйақы алды.

Өз кезегінде федерация көк­пардан жекпе-жек аттар бойын­ша жарыста бесінші орынға дейін жүлде қарастырды. Со­ның нәти­жесінде төртінші орын иесі Алматы облысынан келген Ақ­жазық атты тұл­пар­ды ерттеген шабандоз Эл­дар Жиенқұловқа, бесінші орынға табан тіреген ас­таналық Ақ­жал атты ат мінген шабандоз Жалғас Борановқа 100 мың тең­геден қаржылай жүлде тапсырылды.

Барлық жеңімпаз бен жүл­дегерді Ұлттық және ат спор­ты орталығының директоры Бақ­дәулет Сәбитов пен көкпардан бас төреші Ғани Ахметбаев марапаттады.

 

ШЫМКЕНТ 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50