Жұмыс • 10 Мамыр, 2024

Елімізде еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер тізбесі толықтырылады

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер тізбесі толықтырылады

Фото: kazgazeta.kz

Атплған тізбеге тау-кен өндірісін тасымалдаумен айналысатын автомобиль жүргізушісі мамандығы қосылды.

Бұл тізімге тау-кен жұмыстарында жұмыс уақытының кемінде 80% -да жұмыс істейтін басқа мамандар да кіреді:

  • тау балауызы өндiрiсiнiң аппаратшысы;
  • бункершi;
  • шпурларды бұрғылаушы;
  • аспалы-әуе жолдарының вагонетшiсi;
  • вагонетшi;
  • жарушы;
  • тау-кен массасын тасымалдаумен айналысатын автомобиль жүргізушісі;
  • тау-кен массасын тиейтiн тиегiш жүргiзушiсi
  • үйiндiлердегi түсiрушi;
  • гидромониторшы;
  • тау-кен жұмысшысы;
  • гүрсілдетушi;
  • жоғарыда санамаланған қазбалар мен жыныстарды тиеумен, түсiрумен айналысатын жүк тиеуші;
  • жеткізушi;
  • қашау майлаушы;
  • шахтаға бекіту материалдарын жеткізушi және басқалары.

Құжат 23 мамырға дейін ашық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.