Қазақстан • 10 Мамыр, 2024

Kaspi.kz қолдауымен ауқымды музыкалық OYU Fest өтеді

58 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Заманауи OYU Fest музыка фестивалі биыл бас серіктес – Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен өтеді. Фестиваль қонақтары отандық үздік орындаушылардың өнерін тамашалайды және Қазақстанның әр өңірінен келген талантты жас музыканттардың жаңа есімдерімен танысады.

Kaspi.kz қолдауымен ауқымды музыкалық OYU Fest өтеді

Фото: kaspi.kz

Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе компания ел азаматтарын біріктіретін жобаларды қуана қолдайтынын атап өтті.

«Біз музыка, спорт, салауатты өмір салты төңірегінде адамдарды біріктіретін отандық жобаларға қуана қолдау көрсетеміз. Көп жыл бойы Kaspi.kz – Алматы Марафонның, The Spirit of Tengri фестивалінің, Qazaq National Parksжобасының және басқа да жобалардың бас серіктесі. Бізге OYU Fest фестивалінің заманауи отандық музыканың жас дарынды орындаушыларына жол ашу идеясы қатты ұнады. Біз еліміздегі және бүкіл әлемдегі адамдардың көбі Қазақстанның заманауи музыкасын тереңірек танығанын қалаймыз», деді ол.

Ал OYU және QARA studios жобасының негізін қалаушы Айсұлтан Сейітов аталған фестиваль Қазақстанның музыкасын зерттеу жобасы ретінде дүниеге келгенін тілге тиек етті.

«OYU 2021 жылдың басында Орталық Азия музыкасын, атап айтқанда, Қазақстанның музыкасын зерттеу жобасы ретінде дүниеге келді. Жоба жастардың арасында алғашқы күннен бастап танымал болып, жаңа музыканттарға өзін танытуға, сондай-ақ аға буын әртістерімен қайта қауышуға мүмкіндік берді. OYU Live индустрияны дамытудың жаңа алаңына айналды, жаңа стандарттарды енгізді, отандық музыкаға деген сүйіспеншілікті жандандырды. Бір жыл өткен соң біз Fest OYU фестивалін өткіздік – бұл біздің бастамамыз еді, онымен біз жалпы музыкаға деген құрметіміз бен махаббатымызды білдіреміз. Биыл фестиваль үшінші рет өтпекші, оның үстіне Kaspi.kz компаниясының біздің қатарымыздан табылғанына өте қуаныштымыз. Осы серіктестіктің арқасында біз алдағы уақытта да дарынды музыканттарды қолдай аламыз, Қазақстанда фестиваль мәдениетін дамытып, керемет сапалы музыканы баршаға қолжетімді ете аламыз», деді Айсұлтан Сейітов.

Фестиваль 1 маусым күні Алматыдағы Первомай тоғанында және 27 маусым күні «Астана» гольф-клубында өтеді. Әйгілі лайн-ап: «Dequine» «Shiza» «Ayau» «Aikyn» «Kunzharyq» «Marhaba Säbi» және басқа да заманауи музыка жұлдыздары қатысады.

Сондай-ақ фестиваль қонақтарын дәстүрлі ойын-сауық: алтыбақан, асық, батут, балалар аниматорлары, guitar hero, фестиваль серіктестерінің интерактивті байқаулары және Алматы мен Астананың сүйікті мейрамханалары күтеді.

Соңғы жаңалықтар

Болмысы биік тұлға

Тағзым • Кеше

БАҚ пен тіл

Сұхбат • Кеше

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • Кеше