Фото: Атырау облысының жедел штабы
Атырау облыстық жедел штабтың дерегіне сүйенсек, су тасқынынан қауіп төнсе, Махамбет ауданының тұрғындары Мақат ауданына көшірілуі мүмкін.
«Мақат ауданындағы 9 эвакуациялық пункт Мақат және Доссор кентінде, Бәйгетөбе ауылындағы мектептер мен спорт кешендерінде, жергілікті колледжде дайындалып жатыр. Қазір М.Баймұханов, Х.Санбаев атындағы орта мектептер, Мақат мұнай-газ технологиялық колледжі, Мақат аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Мақат аудандық №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қажетті төсек жабдығымен қамтамасыз етілді. Тасқын судан қауіп төнген жағдайда бұл эвакуациялық пункттерге Махамбет ауданынан тұрғындарды уақытша көшіру жоспарланып отыр», деп хабарлады облыстық жедел штабтан.