Таным • 10 Мамыр, 2024

Сіз білесіз бе? Тотықұс қанша жасайды?

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл сауалға бірден жауап беру қиын. Дегенмен күтімі жақсы болса үй жануарлары ұзақ жасайды. Айталық, төрт түліктің төресі – жылқы 30 жыл тіршілік етсе, ит 15 жылдан артық жасамайды екен.

Сіз білесіз бе? Тотықұс қанша жасайды?

Бірақ бірді-екілі ұзақ жасаған иттер болған. Мәселен, Мажарстанда бір қойшының иті 34 жыл жасаған. Алып жануарлардың ішіндегі ұзақ жасайтыны африка пілдері. Олар 70 жыл өмір сүреді. Сондай-ақ бегемот пен мүйізтұмсық 50 жыл тіршілік етеді. Ал маймылдар 40-50 жыл өмір сүрсе , хайуанаттар саябағында үнемі күтімде жүретін крокодил ғасыр жасайды. Тотықұс 120 жыл тіршілік кешеді. Балықтардың ішінде еуропалық жыланбалық 90 жыл жасаса, бекіре – 60, шортан – 50 жыл өмір сүреді.

 

Жазу машинкасы

па

Тарихи деректерде 1864 жылы гер­маниялық Петер Миттерхофер жасаған машинка алғашқы жазу машинкасы саналады.

Петер оны ағаш ұстасы болғандықтан ағаштан ойып, әдемілеп жасаған. Бір қызығы, шебердің қолынан шыққан осы машинканың біреуі сақталып қалған. Қазір ол Дрезденнің техникалық музейінде тұр. Сонымен қатар даниялық Маллинг Хансен жасаған жазу машинкада алғашқылардың бірі саналады. Бұл – фабрикалық әдіспен жасалған тұңғыш машинка.

 

Қойлар да ақылды

па

Осыдан біраз жыл бұрын Кем­бридж институтының ғалым­дары 20-дан аса жануарға зерттеу жүргізген.

Нәтижесінде, қой өзінің 50 тұқым­дасының түрін есте сақтай алады деген тұжырым жасаған. Ғалымдардың айтуынша, төрт түліктің ішінде «жады мықтысы» – осы Шопан ата тұқымы. Олар адам бейнесін де ұмытпайды екен. 

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024