Фото: ТЖМ
Осы айдың 1-10 күндері аралығында Қызылжар ауданы Тепличный ауылында тәулік бойы су шығару жұмыстары жүргізіліп, оған Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ұлытау, Қарағанды облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.
«Су басқан 410 үй мен ауладан 1,1 миллион текше метрден астам су шығарылды. ТЖМ құтқарушылары су тасқыны салдарын жою жұмыстарын жалғастырып жатыр», делінген министрлік хабарламасында.