Оқиға • 12 Мамыр, 2024

Қарағандыда екі машина өртеніп кетті

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданында екі машина өртенді, деп жазады Egemen.kz.

Қарағандыда екі машина өртеніп кетті

Фото: ТЖМ

Өрттің жалпы ауданы 6 шаршы метр аумақты құрады. 

Өрт бір көліктен шыққан. Жоғары температурадан өртеніп жатқан машинаға жақын тұрған екінші көлікке зақым келді. Оның бояуы сарғайып, пластикалық бөлшектерін өрт шалды.

ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

рр