Аймақтар • 13 Мамыр, 2024

Абай облысында орман ұрлығы фактісі анықталды

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысында орман ұрлығы фактісінің жолы кесілді. Бұл туралы аталған облыстың мемлекеттік орман инспекциясының баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында орман ұрлығы фактісі анықталды

Фото: Абай облысы бойынша мемлекеттік орман инспекциясы

11 мамырда табиғат қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау бойынша жедел-рейдтік іс-шаралар шеңберінде «Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ мамандары Бесқарағай ауданының табиғат қорғау полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, Морозов филиалында дымқылдау өсетін қарағай ағаштарын заңсыз тасып әкету фактісін анықтаған.

Семей орманы

Орман инспекциясы хабарламасында: «Ағаштардың жалпы көлемі 7,8 текше метрді құрады, келтірілген залал 550 мың теңгеден астам», делінген.

Кінәлілерді ҚР ҚК 188-бабында көзделген қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді.