Қоғам • 13 Мамыр, 2024

«Апат зардаптарын қалпына келтіру»: Жұмыссыз азаматтарға жұмыс ұсынылды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмыссыз азаматтарды су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына жұмысқа орналастыру бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жобаға бастама жасады. Құрылыс компаниялары ұсынатын бос жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Апат зардаптарын қалпына келтіру»: Жұмыссыз азаматтарға жұмыс ұсынылды

Фото: gov.kz

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлім етуінше, министрліктің Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Бірге салайық!» жобасы шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу жөніндегі арнайы платформа әзірледі. Бұл Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болады, осында жұмысқа орналасуға және өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге ниет білдірген кез келген адам бос орындармен танысып, өзіне ұнаған кез келгеніне ынта білдіріп, әңгімелесуден өте алады. Қазіргі уақытта платформада 42 бос жұмыс орны бар.

«Қазіргі уақытта біз жұмыс берушілер базасын және бос жұмыс орындарын толықтырумен айналысып жатырмыз. Өңірлер үшін кім-кімнің де қатысуы өте маңызды, өйткені, қазір білікті мамандар да, бейінді білімі жоқ мамандар да қажет», деп атап өтті министр Светлана Жақыпова.

Естеріңізге салайық, су тасқыны салдарынан Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары мен инфрақұрылымы зардап шекті.