Қазақстан • 13 Мамыр, 2024

«20 жыл жасырынған»: Іздеуде жүрген күдікті үй шатырынан табылды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық полиция 20 жылдан астам уақыт бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«20 жыл жасырынған»: Іздеуде жүрген күдікті үй шатырынан табылды

Фото: @POLICE_of_KZ

ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, күдікті жедел іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталды. Әуелі Қырғызстанға қашып, сол жақтан Астанадағы туыстарына барған ол үй шатырынан табылды.

Ұсталған азаматты Ресейге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.