Қоғам • 13 Мамыр, 2024

Судья Айжан Құлбаеваға әлі де қоқан-лоқы көрсетіліп жатыр

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Құлбаева әлі де  күзетпен жүруге мәжбүр. Бұл туралы журналистерге арналған елордалық сотта өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Судья Айжан Құлбаеваға әлі де қоқан-лоқы көрсетіліп жатыр

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Елордалық сотта өткен брифингте БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі судья-үйлестіруші Алма Есімованың айтуынша, қоқан-лоққыларға қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр.

«Біздің ақпаратымыз бойынша, судья Айжан Құлбаеваны қорқыту фактісі бойынша тергеу жалғасып жатыр, әзірге судьяның қандай да бір шешім қабылдағаны туралы ақпарат жоқ», деп түсіндірді Есімова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваны қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Сондай-ақ Жоғарғы Сот интернет-кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында судья Айжан Құлбаеваға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар көптеген теріс жарияланымдар анықталғанын атап өтті.