Тағзым • 13 Мамыр, 2024

Ақселеу асқары

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының орталығында жазушы, этнограф Ақселеу Сейдімбектің ескерткіші орнатылды. Тұлғаны тұғырына қондыру жобасы халықтың ниетімен және мүдделі азаматтардың қолдауымен жүзеге асты. Іс-шараның ашылу салтанатына елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен ақын-жазушылар қатысты.

Ақселеу асқары

Ескертіш қоладан құ­йыл­­ған. Биіктігі – 3.9 метр. Туын­дының авторы – елі­­мізге белгілі мүсінші Та­лап­хан Аза­­мат. Алаштың абыз ақ­са­қалының айбыны асқақтап тұрған сом тұл­ғасы көрген ха­лықтың көңілін толтырды.

Ақселеу Сланұлы – саналы ғұмырын ұлт мұра­сын түгендеуге жұмсаған елі­нің адал перзенті. Ғибратты ға­лым, саңлақ санаткер, қа­быр­­ғалы қаламгер, өнегелі өнертанушы азамат. Оның «Күңгір-күңгір күм­без­дер», «Ойтолғақ», «Күй шежіре», «Мың бір маржан», «Қа­зақ­тың ауызша тарихы» сияқты іргелі еңбектері – ұлт­тың ру­­хани қазынасын орасан байытқан құнды жәдігерлер.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген жазушы Бексұлтан Нұржекеев Ақселеу тұлғасының бей­не­ленуі – бүгінгі күнге емес, болашаққа жасалған рухани бағдар екенін атап өтті. «Әкеміздің артында қалған мол мұраны насихаттау шаралары туған жерінде үнемі жалғасып келеді. Бүгінде Жа­ңаарқа кентіндегі орталық көшенің бірі оның есімімен аталады. Еңселі ескерткіштің орнауы да оның өнегелі өмірін алқалаған жұртшылықтың тілегі болатын», деді Ернар Сейдімбек.

Іс-шараның соңында Ақселеу биігінде марқұмның рухына құран бағышталып, жиналған жұртшылыққа құдайы ас берілді.