Туризм • 14 Мамыр, 2024

Үкімет басшысы: Шағын авиацияны туризмді дамытуға пайдалануға болады

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында туризмді дамыту мәселесі қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов туристік аймақтарда инфрақұрылымдық жобаларды аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы: Шағын авиацияны туризмді дамытуға пайдалануға болады

Фото: inbusiness.kz

Үкімет басшысы шағын азаматтық авиация мүмкіндіктерін де туризмді дамытуға пайдалануға болатынын айтты. Ол үшін Көлік министрлігі инфрақұрылымды қайта қарап, әлеуетті инвесторларды тарту үшін тиісті жағдай жасауға тиіс. 

«Қауіпсіздік мәселелерін пысықтап, көршілес елдермен қатар алыс шетелдердің де тәжірибесін зерделеу қажет. Елімізде табиғи туристік аймақтар шалғай орналасқан, сондықтан шағын авиацияны дамыту өте өзекті болып саналады. Кішігірім ұшақтар мен тікұшақтарға бетон жолақтар қажет емес, шағын инфрақұрылым салса жетіп жатыр», деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.