Құқық • 14 Мамыр, 2024

Жыл басынан бері 20 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 126 кәсіпорны 9,7 мың жұмыскерге 1,5 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 3,2 мың еңбек құқығының бұзылу фактісі тіркелді, деп жазады Egemen.kz.

Жыл басынан бері 20 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Фото: gozle.com.tm

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 123 ұйғарым берілді және 14 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 7,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 696,6 млн теңге төленді.

«2024 жылғы 1 мамырдағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 366 тексеру жүргізді, оның барысында 3 199 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 2 437; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 720; халықты жұмыспен қамту бойынша – 86. Жұмыс берушілерге 1409 ұйғарым беріліп, 177,8 млн теңге сомасына 1780 әкімшілік айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 12,5 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды», делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратта.