Қоғам • 14 Мамыр, 2024

«Намаз кезінде қасындағы адамды ұрған». ҚМДБ түсініктеме берді

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқыс оқиға Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Намаз кезінде «әмин» дұғасын қатты дауыспен айтқан азаматтардың әрекетіне төзбеген ер адам олардың біріне қол жұмсаған.  Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

«Намаз кезінде қасындағы адамды ұрған». ҚМДБ түсініктеме берді

Фото: видеодан алынған кадр

Оқиға 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында болған. Өзге өңірден Шымкент қаласына барған бір топ азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған.

«Намаз кезінде «әмин» дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылды, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізіп жатыр», делінген ҚМДБ хабарламасында.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтауға шақырады.

Еске салайық, ҚМДБ бекіткен «Мешіт ережесі» бойынша Қазақстан мұсылмандарының ауызбіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету үшін намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады.