Оқиға • 14 Мамыр, 2024

Жетісу облысында жол апаты болып, бойжеткен көз жұмды

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 мамыр күні Алматы-Өскемен тас жолының 270 шақырымында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысы Полиция департаменті жол бойымен келе жатқан КамАЗ көлігі бұрылыста оң жақ жолақтан маневр жасап, сол бағытта келе жатқан «Мазда 626» көлігіне соғылғанын хабарлады.

«Жол апаты салдарынан «Mazda» автокөлігінің жолаушысы көз жұмды», деп хабарлады баспасөз қызметі.

Осы тұста облыстық Полиция департаменті патрульдік полицияның взвод командирі Бақытжан Жапаров көлік жүргізушілеріне ескерту жасады.

«Құрметті жүргізушілер! Естеріңізде болсын! Көлікті басқарған кезде телефонды және өзге де заттарды пайдалануға болмайды. Назарларыңызды тек жолға ғана аударыңыздар», деді Бақытжан Жапаров.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті