Құтқарушы • 14 Мамыр, 2024

Талдықорғанда төрт жасар бала құтқарылды

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖМ қызметкерлері Талдықорған қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде ересектердің қарауынсыз қалған баланы құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Талдықорғанда төрт жасар бала құтқарылды

Фото: ТЖМ Telegram

Бүлдіршін 5-қабаттағы пәтердің балконында қамалып қалған.

Арнайы жабдық арқылы пәтерге кіріп, есікті аша алған құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы нәтижесінде бала ата-анасына аман-есен тапсырылды. Бала зардап шекпеген, медициналық көмекті қажет етпеген.