Жәдігер • 16 Мамыр, 2024

Құнды қолжазба табылды

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері Абай облысына ғылыми экспедициямен барды. Семейде экспедицияға қатысушылар бірнеше тарихи жерлерді аралады.

Құнды қолжазба табылды

Жергілікті мешіт­тен XIX–XX ғасырдағы мыңдаған сирек құнды қолжазба табылып, оның 27-сі орталыққа табысталды. Кітаптар қатарында Абдулла Ру­ми­дің «Ескі түркі тілі» кітабы, «Қырық ха­дис» тәржімасы, Ке­ңес одағындағы бар­­лық мұ­сыл­манға мүдж­рах, төте жазу­дағы өлеңдер мен тағы да басқа мұралар бар.

Экспедиция мү­шелері ғалым-та­рих­шы Амантай Иса­ұлы­ның жеке ғылыми кі­тапханасымен таны­сып, ғалымның қо­лынан 15 қолжазба мен сирек кітаптарды Ұлттық орталық қорына алды. Оның ішінде 1888 жылы жарық көрген «Ғылым халы» мен 1891 жылы басылған «Тәржіма ғин әл ғалам» кітаптары, ХХ ғасырдың бас шенінде Қазан, Орынбор, Уфа қалаларынан шыққан сирек кітаптар бар.

«Осы мешітте табылған сирек кітаптар мен қолжазбалардың мол қоры – өңір тарихының ажырамас бөлігі ретінде баба­ларымыздың баға жетпес мұрасы. Оны сақтап қалу – өте маңызды», деді Реставрация және консервация бөлімінің басшысы Сырым Ботабеков.

Аталған іссапар ел аумағында бар қазіргі таңдағы қожазба мен сирек кітаптардың ортақ тізімін жасап, оларды мемлекеттік реестрге алуды мақсат етеді.

Алдағы уақытта аталған құнды жазбаларды зерттеу және реставрациялау жұмыстары жүргізіледі.