Білім • 16 Мамыр, 2024

Бүгін сарбаздарға білім гранттары үлестіріледі

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 16 мамыр сағат 16:00-де Қорғаныс министрлігі Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар арасында білім гранттарын үлестіреді. Адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында процесс Qazaq Army YouTube арнасынан көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін сарбаздарға білім гранттары үлестіріледі

Фото: infohub.kz

Отан қорғаушы күні қарсаңында ел Президенті мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға мемлекеттік гранттар бөлу туралы заңға қол қойған болатын. Енді сарбаздар алдағы күзден, жаңа оқу жылынан бастап жоғары 100% жеңілдікпен университетте білім алады.

Сарбаздар стипендиямен де қоса қамтылады.

Іріктеуді өткізудің ыңғайлылығы мен ашықтығы үшін «Срочники 2.0» цифрлық платформасы енгізілді. Сарбаздар әлеуметтік желілерде жарияланған тізімдерге сәйкес осы платформада жоғары оқу орындарына түсу сертификаттарын ала алады.

Мұндай қадам ер азаматтарды мерзімді қызметін өтеуге ынталандыру үшін қолға алынған.