16 Маусым, 2010

“АҚТАУ ­ – САНКТ-ПЕТЕРБУРГ” ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ АШЫЛДЫ

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазыналы түбек тұрғындары үшін тағы бір жаңалық болды. Бұған дейін алыс-жақын шетелдерге тоғыз халық­ара­лық рейстерді атқарған Ақтау халық­ара­лық әуежайынан “Ақтау – Санкт-Пе­тербург” тікелей әуе қатынасы ашыл­­ды. Күні кеше ғана ТМД елдері бой­ынша қатарынан екінші рет таңдаулы деп танылған Ақтау әуежайының директоры Узифолла Ажмолдаевтың айтуынша, бұл – Қазақстан бойынша Санкт-Петербургке алғашқы тіке рейс. Енді бұл рейсті әр сенбі күндері “SCAT” әуе компаниясының “Бойнг-737” ұшағы тұрақты түрде жүзеге асырмақшы. Сөйтіп, ақтаулық жолаушыларға бұрынғыдай екінші қалалар арқылы емес, тікелей ұшу мүмкіндігіне орай қолайлы жағдай жасалып отыр. Жоламан БОШАЛАҚ. Маңғыстау облысы.