Елорда • 16 Мамыр, 2024

Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жабылды

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 16 мамыр мен 1 маусым аралығында Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жартылай жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада Тәуелсіздік даңғылының бір бөлігі жабылды

Фото: astana-akshamy.kz

«Астана қаласының Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылының бойында Қошқарбаев даңғылынан Нәжімеденова көшесіне дейінгі учаскеде 16 мамырдан 1 маусымға дейін көлік қозғалысы жартылай жабылатынын ескертеді», делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол құрылысына түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз», деп қосты әкімдік өкілдері.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті