Digital • 17 Мамыр, 2024

Инновациялық идеялар генераторы

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қонаев қаласында «Alatau Hub» өңірлік инновациялық орта­лығы ресми түрде іске қосылды. Бұл Алматы облы­сын­дағы IT-индустрияны дамытудың жаңа кезеңі болмақ.

Инновациялық идеялар генераторы

«Alatau Hub» елдегі басқа да өңірлік инновациялық ор­талықтар сияқты, «Astana Hub»  бі­лім беру және инкубациялық бағдарламаларын таратып, ми­тап­тар, «Pizza Pitch» , ворк­шоптар,­ «Speaker Talks», «Idea Battle»,  т.б. сияқ­ты түрлі іс-шараларды өт­кізу­ге арнал­ған басты алаңға ай­налады. Бұл оқиғалар салада IT-қауым­дас­тық­тың қалып­та­суы мен дамуына, сондай-ақ бі­лім мен тәжірибе алмасуға ық­пал етеді. Хабтың ашылуы ая­­сында еліміздің ірі IT-ком­па­­ния­ларының көрмесі ұйым­дастырылды.

«IT-хабты ашу – техноло­гия­лық инфрақұрылымды да­мы­тудағы, өңірдегі инно­вациялық идеяларды қол­дау­да­ғы маңызды қадам. «Alatau Hub»  Алматы облысының IT-қо­ғамдастығын дамытуда жаңа стандарттарды бел­гі­лейді. Оның мақсаты – тех­но­логиялық кәсіпкерлікті насихаттау, стартап-мәдениетті қалыптастыру, өңірде IT-саланы, цифрлық білім бе­ру­ді дамыту», деді Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы Мұрат Мадигулов.

Бұл «Astana Hub»  басқаруы­мен іске қосылған 14-өңірлік хаб. Негізгі мақсат – осы жыл­дың соңына дейін еліміздің барлық өңір­­лерін қамту.

«Біздің аймақтық хабтар ин­новацияға, кәсіпкерлікке, тех­нологиялық үдеріске ықпал ете­тін экожүйені құруда, қолдауда ше­шуші рөл атқарады. Жастар тек оқуға ғана емес, сонымен қа­тар өз білімін іс жүзінде қол­да­нуға, компаниялары мен инно­ва­циялық өнімдерін құ­руға мүм­кіндік алады. Бұл жаңа жұ­мыс орнының пайда болуы­на, экономиканың өсуіне, халық­аралық аренада елдің бәсе­ке­ге қабілеттілігінің артуына ық­пал етеді», деді «Astana Hub»  басқарушы директоры Дания Ахметова.