Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Алматы полиция департаменті ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалғанын хабарлады.
«Әйел адамды ұруға қатысты іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Бұл ретте әйелдің алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі», деп түсіндірді Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті