Қарағандыдағы «Болашақ» университетінің білім мен тәрбие берудегі мерейлі іс-қызметімен бірге, қалың оқырман қауым рухани жан дүниесін байыту мақсатында біраз жылдан бері тұрақтылықпен атқарып келе жатқан жұртқа жағымды бір шарасы бар.
Ол не дегенде, оқу орны көмек пен қолдауымен белсенді түрде жұмыс істеуші Орталық Қазақстан ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының шығармашылық ізденісі арқылы жыл сайын шығарылудағы туған жердің тұмса тарихы, тағылымды тұлғалары туралы танымдық деректері, мұрағат мағлұматтары мол туындыларды атауға болады. 15 томнан тұратын «ҚарЛаг тарихының очерктері», «Сәкен Сейфуллин», «Қаз дауысты Қазыбек би», «Бұқар жырау» тұлғалық энциклопедиялары елеулі еңбектер тұрғысында танылды. Өлке шежіресіне қатысты ірі ғылыми-зерттеу жобалар аясында дайындалу үстіндегі жаңа кітаптар топтамасы кезек-кезегімен оқырмандар қолына тигелі де отыр.
Осымен қоса, аймақтың іргелі аудандары мен қасиетті жерлерінің арғы-бергі тарихы, бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі, ел есінде ерекше қалған қайраткерлер, өнер жампоздары өмірі, ерлігі мен еңбек жолы үлгілі жандар жайлы бір тәртіппен, бір жүйемен баян етілген энциклопедиялық деңгейдегі еңбектер шығару да үрдіске айналған. «Қасиетті мекен Қараағаш», «Ортауым – алтын бесігім», « Ақтауым – ата мекенім», «Мерейлі мекен Мойынты» атты кітаптар сериясы, «Жаңаарқа» энциклопедиясы жақында «Нұра» энциклопедиясымен жалғасты.
Өлкенің астықты ырысы ретінде танымал өңірдің бай шежіресі, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мұра, елге қадірлі адамдардың ісі мен қызметі, жер-су атаулары сыры, бірнеше ұлттың өкілдері бейбітшілік пен бірлікте өмір сүрудегі ынтымақтастық жан-жақты қамтылу үдесінен шыққанымен құндылығы жылы қабылданды. Кітаптың сүйінші данасына айтылған мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовтің осындай пікірі көпшілік ойын білдірді.
Нұралықтар қолына тиіп, өз туған орталары жайлы оқып-білуге ықылас туғызған кітаптың авторлары белгілі өлкетанушы Ібірахым Ісләмов пен ізбасары, журналист Жомарт Оспанов екенін таныстыра кеткен жөн. Жоғарыда аталған жинақтарды жазудағы ізденістері жаңа қырынан танылып, көркемдік-мазмұндық сапасы тәуір бағаға лайық шығармашылық табыс жасай алғандарын атауға болады.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.
• 14 Қаңтар, 2015
«Нұра» энциклопедиясы – өлке шежіресіне қосылған сүбелі үлес

Ел экономикасына 3,5 трлн теңге инвестиция салынды
Инвестиция • Бүгін, 10:50
Сақ болыңыз: Банктер мен мемлекеттік органдардың жалған сервистері пайда болды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Инватакси қызметіне өзгерістер енгізіледі: Жаңа талаптар қандай?
Қоғам • Бүгін, 10:24
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: Балалар құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 10:17
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу рәсімі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 09:32
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:18
Шаруашылық • Бүгін, 09:15
Еріктілер еңбегі қалай бағаланады?
Волонтер • Бүгін, 09:10
Зейнетақы қорындағы қаражат бейберекет жұмсалмауға тиіс
Қаржы • Бүгін, 09:05
Мәселе • Бүгін, 09:00
Нұртілеу турнирі мәресіне жетті
Спорт • Бүгін, 08:57
Кәсіптік оқыту платформасына сұраныс
Білім • Бүгін, 08:55
Руханият • Бүгін, 08:53
Шикізаттан дайын өнімге: Экономиканың жаңа моделі
Экономика • Бүгін, 08:50