Фото: Облыс әкімдігінің ресми парақшасы
Республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолынан (72 км) су өткізу туралы шешім қабылданып, ауыр жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылады. Жеңіл көліктер облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолы бойымен жүреді.
Аймақ басшысы жұмыстармен танысқан соң аудан әкіміне бөгет бойындағы кезекшілікті күшейтіп, қажетті техникалармен, жанар-жағармаймен және азық-түлікпен қамтуды тапсырды.
Махамбет ауданында су тасқынының алдын алу үшін салынған бөгеттердің ұзындығы – 105,8 км.