Аймақтар • 20 Мамыр, 2024

Риддерде банк қызметкері 9 күнде 32 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 32 млн теңге жымқырған банк қызметкері сотталды, деп жазады Egemen.kz.

Риддерде банк қызметкері 9 күнде 32 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған

Риддер қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әйел адам банктердің бірінде кассалық операциялар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Өткен жылдың желтоқсан айының 11-20 аралығында ол 31 900 000 теңгені жеке шотына аударып алған. Күн сайын 2,5 млн-нан 5 млн теңгеге дейін аударып отырған.

- Айыпталушының кінәсі қаражаттың жетіспеушілігі анықталған есеппен, қолма-қол ақшаны тексеру актісімен, куәгерлердің берген жауаптарымен, бейнежазбалармен және басқа да дәлелдермен расталды. Сот шешімімен сотталушы 7 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 7 жыл бойы банк қызметіне қатысты лауазымдарда жұмыс істеуге тыйым салынды, – делінген ақпаратта.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Алабұғаға да ауа керек

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:20

Кенептегі ғасырлар сыры

Көрме • Бүгін, 08:15

Заңғар ақынның көлігі

Жәдігер • Бүгін, 08:05

Көне сарын күмбірі

Өнер • Бүгін, 08:00

Құныққан өсімқордың ақыры

Қоғам • Бүгін, 00:10