Спорт • 20 Мамыр, 2024

Елордалық спортшы пара жүзуден әлемдік серияның екі дүркін қола жүлдегері атанды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-19 мамыр аралығында Сингапурде пара жүзудің әлемдік сериясы өтті. Жарысқа 21 елден 126-дан астам спортшы қатысты. Елордалық пара жүзуші Сиязбек Далиев чемпионаттың екі дүркін қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық спортшы пара жүзуден әлемдік серияның екі дүркін қола жүлдегері атанды

Фото:gov.kz

Сингапурде пара жүзудің әлемдік сериясы классификациясы өтті. Ұлттық құрама сапында Кенжебек Диас, Нұрдәулет Жұмағали, Сиязбек Далиев және Зульфия Ғабидуллина болды.

«Астаналық пара спортшы Сиязбек Далиев жарыстың алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша 50 метрге баттерфляй және 50 метрге арқамен жүзуден қола медаль жеңіп алды. Бүкіләлемдік серия – Параолимпиада ойындарына дейін ең аз іріктеу ұпайларын қамтамасыз ететін іріктеу жарысы. Алда бізді әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстар күтіп тұр. Ұлттық құрама лицензия алу үшін аянбай еңбек етуде. Жақсы нәтиже болады деп үміттенеміз», деді парада жүзуден ұлттық құраманың бас бапкері Айдар Қартбаев.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті