Аймақтар • 20 Мамыр, 2024

Қызылордада қаржы пирамидасымен айналысқандар сотталды

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада «Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған ағайынды екеу 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада қаржы пирамидасымен айналысқандар сотталды

Фото: 24.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мамандарының айтуынша олар 2020-2021 жылдар аралығында облыс аумағында қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құрған. Ағайындылар еліміздің аумағында тыйым салынған қаржылық пирамида саласындағы заңсыз қызмет пен ұйым туралы анық біле тұра, аса ірі көлемде азаматтардың ақшалай қаражатын тартуға бағытталған қарекеттерін жүзеге асырған. 

Бүгінде аталған қаржы пирамидасынан 40 салымшы зардап шеккені белгілі болып отыр. Оларға келтірілген шығын көлемі 53 млн теңге.

Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында келтірілген шығын салымшыларға  толық қайтарылды.