Алыста жүрген адамға атамекеннен ыстық жер болмайтыны айтпаса да түсінікті. Біз басында Қарақалпақстанда тұрып жаттық. Еліміз егемендік алған соң-ақ, ата-анам Еділ Әйтімбетов пен Қарлыға Әбдіғалиева атамекенге қоныс аударуға қамданды. Сөйтіп, төрт баласымен 2004 жылы ата-бабаларының кіндік қаны тамған Ақтөбе өңіріне атбасын бұрып, Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылына табан тіредік. Квота бойынша бөлінген қаржыға үй сатып алып, «көппен көрген ұлы той» дегендей, тіршілікке араласып, елден қалмауға талпындық.
Мен облыс орталығындағы «Рауан» колледжін кеден ісі мамандығы бойынша бітіргеннен кейін екі жылдай «ИМК Секьюрти» ЖШС-інде күзетші болып жұмыс істедім. Арасында облыс орталығындағы жиһаз жинау цехында жұмыс істеп, ағаш шеберлігіне де төселіп алдым. Сөйтіп, жиһаз жасаудың қыр-сырын да игердім. Біреуге тәуелді болғанша ауылға барып, өз ісімді неге ашпасқа деген ой келді қаперіме. Нартәуекел деп 2007 жылы сәуір айында «Әйтімбетова.Ғ.Е.» жеке кәсіпорынын ашып, тіркеуден өткіздім. «Оқу ойдан артық емес» дегендей, осылай жиһаз жасауға кірісіп кеттім. Құрал-жабдығымды түгендеп, қажетті материалды Ақтөбе қаласынан жеткізуге тура келді. Ол үшін әрине, көлік керек болды. БТА банкі облыстық филиалынан 600 мың теңге несие алып, жиһаз құрастыру станогын, қорапты «ГАЗель» автокөлігін сатып алдым. Жиһазды басында ыңғайластырылған орындарда жинадым. Өз қолымнан шыққан жиһазға тапсырыс көбейе түскенін аңғарған соң арнайы цех салуды ойластырдым. «Құланның қасуына, мылтықтың басуы» дегендей, осы кезде Мұғалжар өңірінде қара алтын өндірумен айналысатын Ресейдің «Лукойл» компаниясы осы өңірдегі ауылдарда өз ісін ашуға үміткерлерге «Арай» арнаулы бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бір ерекшелігі, бұл бағдарлама бойынша бөлінетін грант өтемсіз тегін берілетін еді. Өз бизнес-жобамды жасап, грантқа іліктім. Грант бойынша қолыма тиген 1 миллион теңгеге тәп-тәуір жиһаз жинау цехын салып алдым. Біздің цехта жиналған жиһаздардың дүкендердегіден артық болмаса, кем түспейтінін аңғарған ауылдастарым ат сабылтып Ақтөбеге барып, жиһаз әкелуді қойды. Осында тапсырыс беріп, кіреберіске, ас үйге қоятын жиһаздарды, компьютер үстелі және басқа жиһаздарды жақын жерден үйлеріне кіргізе қоюға дағдыланды. Көрші ауылдардан да келіп, алып жатады. Бір сөзбен айтқанда, ісім жүрді, енді өндірісті кеңейтуге тура келді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша «Бизнес-Навигатор» кәсіпкерлік орталығында білімімді көтеріп, арнайы курстан өттім. Оқуы, жатар орны мен жолын Үкімет көтерді. Қолыма арнайы сертификатпен бірге, осы бағдарламаның екінші бағыты бойынша 1 миллион теңге несиесі де тиді. Бұл қаржыға қосымша материал сатып алып, өндірісімді кеңейттім. Қазір осы шағын жиһаз цехында өзім мен інім Нұрымнан басқа ауылдастарым – Кенен Байсұлтанов, Жаңалық Аймағамбетов еңбек етеді. Айлықтарымыз да жаман емес, 40-50 мыңнан айналады.
Қашанда жаңадан іс бастау оңай емес. Мен бұл шаруаға он ойланып, мың толғанып барып кірістім. Сондай-ақ, маған ата-анам, бауырларымның қолдау көрсетуі де күш берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік бағдар ұстанған сара саясатының арқасында қолға алған ісімізде берекет таптық десем артық айтқандық болмас. Кәсіпкерлікті, соның ішінде, ауылда шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бағдарламалардың тиімділігі сөзсіз. Мұндай мүмкіндікті жалқау, енжар адам ғана пайдаланбайды. «Қолымызға қармақ берді» ғой, енді соның игілігін көру әркімнің өз ынта-ықыласына байланысты. Біз көптеген тұрмысқа қажетті жиһаздарды құрастырып, шығаруды жолға қойдық. Біздің жиһаздарымыз фирмалық өнімдерден кем түспейді, есесіне арзан, тасымалға да шығынданып жатпайды. Сондықтан болар сұраныс жоғары, оның үстіне біз тұтынушының тапсырысы бойынша өздерінің талғамына сай етіп дайындаймыз. Жиһаздарды сол үйдің алаңына сай келетіндей етіп, тұтынушымен келісе отырып жасаймыз. Бұл да тұтынушылар көңілінен шығып тұр.
Қазір банктен алған несиелерімді біртіндеп қайтара бастадым. Болашақта диван, кресло сияқты жұмсақ жиһаз шығаруды да ойластырудамын.
Ғалым ӘЙТІМБЕТОВ,
кәсіпкер.
Ақтөбе облысы,
Мұғалжар ауданы.

Ел экономикасына 3,5 трлн теңге инвестиция салынды
Инвестиция • Бүгін, 10:50
Сақ болыңыз: Банктер мен мемлекеттік органдардың жалған сервистері пайда болды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Инватакси қызметіне өзгерістер енгізіледі: Жаңа талаптар қандай?
Қоғам • Бүгін, 10:24
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: Балалар құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 10:17
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу рәсімі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 09:32
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:18
Шаруашылық • Бүгін, 09:15
Еріктілер еңбегі қалай бағаланады?
Волонтер • Бүгін, 09:10
Зейнетақы қорындағы қаражат бейберекет жұмсалмауға тиіс
Қаржы • Бүгін, 09:05
Мәселе • Бүгін, 09:00
Нұртілеу турнирі мәресіне жетті
Спорт • Бүгін, 08:57
Кәсіптік оқыту платформасына сұраныс
Білім • Бүгін, 08:55
Руханият • Бүгін, 08:53
Шикізаттан дайын өнімге: Экономиканың жаңа моделі
Экономика • Бүгін, 08:50