Оқиға • 21 Мамыр, 2024

Павлодарда заңсыз есірткі өндірушілер ұсталды (видео)

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бүркіт» ЖСН және прокуратура органдарының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткі өндіретін ірі жасырын орынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Павлодарда заңсыз есірткі өндірушілер ұсталды (видео)

Фото: Видодан алынған кадр

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Павлодар қаласындағы саяжай алабы аумағындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам «мефедрон», 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылып, тәркіленді.

Тәркіленген есірткі құны «Қара нарықта» - 4,2 млрд теңгені құраса, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

Заңсыз іс-әрекетке байланысты қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

пп

ээ