фото: adyrna.kz
Қайғылы оқиға 19 мамырда болған. Белгілі болғандай, жас жігіт өзінің жақын досын «Калашников» автоматымен атып жіберген. Полицияның мәліметінше, қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін, сол кезде жергілікті бөлімшеден мыңнан астам атыс қаруы ұрланған.
Атыс дыбысы тіпті көрші үйлерде де естілді.
«Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жамбыл облысы ІІД ғимаратынан автомат ұрланды. Қазір күдіктінің осы оқиғаға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», деп хабарлады Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.