Фото: olympic.kz
Жауапты бәсекеде Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алу үшін елден 6 боксшы Таиландқа жол тартты.
Оның ішінде ерлер арасында 63, 5 кг салмақ дәрежесінде сынға түсетін Мұхамедсабыр Базарбайұлы мен спаррингтік жекпе-жектерде 5 салмақ бойынша топ бастаған қыздар құрамасы бар.
Олар:
50 келі. Назым Қызайбай
54 келі. Ұлжан Сәрсенбек
60 келі. Римма Волосенко
66 келі. Наталья Богданова
75 келі. Валентина Хальзова
«Бұл екінші әлемдік лицензиялық турнирге 133 командадан 600 боксшы қатысуға өтініш білдірген. Париж Олимпиадасына 13 салмақ дәрежесінде 248 жолдама қарастырылған, соның ішінде, соңғы лицензиялық турнирде қалған 51 жолдама үлестіріледі (23 әйел, 28 ер)», делінген Қазақстан бокс федерациясының хабарламасында.