Фото: kazpravda.kz
Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы мәлім еткендей, өр суынан зардап шеккендер қатарында 1 өндірістік жылыжай құрылысы, 1 жылыжай, 1 ешкі сүтін өндіретін зауыт, 1 балық өсіру зауытының құрылысы және 4 демалыс орны бар.
Зардап шегу қаупі бар аймақта егін шаруашылығымен айналысатын 7, мал шаруашылығымен айналысатын 19 шаруа қожалығы бар.
«Зардап шеккен егін шаруашылығы иелерінің шығыны толықтай өтеледі. Өр суының қарқыны саябырлаған соң, арнайы комиссия құрылып, акт жасалып, есебі жүргізіледі», деп нақтылады аудан әкімі.