Аймақтар • 21 Мамыр, 2024

Жетісу өңіріндегі өзендерде су деңгейі көтерілді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 мамырда жауын-шашын салдарынан Көксу өзенінде су деңгейі көтерілді. Өзенге жақын орналасқан елді мекендерді су басу қаупін болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық департаменті, «ҚазАвтоЖол» облыстық филиалы бөгетті ірі тастармен толтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу өңіріндегі өзендерде су деңгейі көтерілді

Фото:vlast.kz

Мамандардың айтуынша, Қараталдан секундына 174 текше метр, Көксудан секундына 332 текше метр су ақты. 1500 тонна топырақ төгіліп, 420 тонна бетон плиталары төселді. Бұл жұмысқа 75 адам мен 43 арнайы техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Жетісу аудандық бөлімі тұрғындарды жаңбырлы ауа райына байланысты таулы аймаққа шықпауды ескертеді.

- Күндіз басталған жұмыстар мен уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде осы уақытта елді мекендерді су басу қаупі төніп тұрған жоқ. Жағдай тұрақты және жауапты орган мамандарының тұрақты бақылауында, - деді Жетісу облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

 

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті