Туризм • 22 Мамыр, 2024

Қазақстан туризмі: Еліміздің әлемдік рейтингтегі әлеуеті қандай?

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша туризмді дамыту рейтингінде 52-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан туризмі: Еліміздің әлемдік рейтингтегі әлеуеті қандай?

Қазақстан Саяхат пен туризмді дамыту жөніндегі дүниежүзілік экономикалық форумның халықаралық рейтингінде өз позициясын едәуір жақсартып, 119 ел арасында 52-ші орынды иеленді.

117 ел қамтыған рейтингте Қазақстан бұған дейін 66-шы орында болған еді.

Туризм министрлігінің мәліметінше, Қазақстан бірнеше негізгі санаттарда ең жоғары баға алды. Жалпы рейтингте жоғарылауға осы көрсеткіштер себеп болған.

Мысалы Қазақстан:

  • бағаның бәсекеге қабілеттілігі бойынша 2-ші
  • туризмнің әлеуметтік-экономикалық әсері бойынша 5 – ші
  • денсаулық сақтау және гигиена көрсеткіштері бойынша 23-ші
  • табиғи ресурстар бойынша 30-шы, мәдени ресурстар бойынша 48 – ші
  • адами капитал және еңбек нарығы бойынша 43-ші
  • туристік инфрақұрылым және сервис бойынша 47-ші орынға жайғасқан.

Туризм министрлігінің өкілдері Қазақстан Әзербайжан (56-орын), Өзбекстан (78-орын) және Қырғызстаннан (102-орын) озып, Орталық Азия елдері арасында көшбасшы болғанын атап өтті.