Ұлттық спорт • 22 Мамыр, 2024

«Ұлы дала жорығы - 2024»: Үшінші күн қорытындысы

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 мамырда таңғы 7.00-де 15 команда Павлодар облысындағы Төртқұдық елді мекенінен Ақмола облысы аумағындағы Торғай елді мекеніне аттанған командалар келесі 100 шақырымды бағындырды. Үшінші кезеңде Жетісу облысы командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысы шабандоздары мәреге екінші болып жетсе, Алматы қаласы командасы үштікке ілікті. Өкінішке қарай, үшінші кезеңде Шығыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды, 22 мамырда жалпы 14 команда жалғастырады, деп жазады Egemen.kz.

«Ұлы дала жорығы - 2024»: Үшінші күн қорытындысы

Фото: М.Тажкуранов.

Үшінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Абай, Павлодар, Ақмола, Ұлытау облыстарынан екі аттан, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы мен Жамбыл облысы бес атпен жарысқа шығады.

100 км:

  1. Жетісу облысы - 06:57:11
  2. Маңғыстау облысы - 07:30:48
  3. Алматы қаласы - 07:35:52
  4. Қостанай облысы - 08:18:54
  5. Жамбыл облысы - 08:24:30
  6. Астана қаласы - 08:35:16
  7. Қарағанды облысы - 09:24:28
  8. СҚО - 09:32:21
  9. Ақмола облысы - 09:53:57
  10. Түркістан облысы - 10:42:08
  11. Абай облысы - 10:45:39
  12. Ұлытау облысы - 11:14:30
  13. Павлодар облысы - 12:48:13
  14. «Рекорд» командасы.

Еске салайық, көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған марафонның жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды, бағыты Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды, 23 мамырда Астанада аяқталады. Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға жолдама алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 15 команда қатысады деп жоспарланып отыр (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).

М.Тажкуранов